Медицина • Бүгін, 20:52

Қостанай қаласында 37 мектеп  қашықтан оқуға көшті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласында оқушылар 25 қарашадан бастап осы аптаның аяғына дейін қашықтан оқиды. Білім ордаларында ЖРВИ мен тұмаудың өршіп кетуіне байланысты осындай шешім қабылданып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай қаласында 37 мектеп  қашықтан оқуға көшті

Қала мектептерінің келесі жетіде қалай жұмыс істейтіні туралы шешім осы аптаның аяғындағы жағдайға қарай қабылданады.  Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, жалпы білім беретін 37 мектеп онлайн оқу тәртібіне көшкен.

Облыс орталығындағы колледждердің 3 578-і, яғни 17 пайызы сырқаттанып қалған.

«2 колледж толықтай қашықтан оқыту форматына көшті. 4 колледждің 17 тобы қашықтан оқып жатыр», деп хабарлады қалалық білім бөлімі.

Жалпы, соңғы аптада облыста ЖРВИ-дің 10 512 жағдайы тіркелген. Өңірде 6510 бала тұмаумен ауырып жатыр.

Қостанай облысы